14 шілде 2018 | 12:41

"Балаларды қағып кете жаздады". Алматыда Lexus жүргізушісіне айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған жолда көлігімен жүріп, балаларды қағып кете жаздаған жүргізушінің кім екені анықталып, оған айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған жолда көлігімен жүріп, балаларды қағып кете жаздаған жүргізушінің кім екені анықталып, оған айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Алматы ІІД жергілікті полиция қызметінің іздеу бөлімінің қызметкерлері осы жағдайға байланысты қажетті шаралар жүргізіп, соның нәтижесінде Алматы тұрғын 1965 жылғы азаматша К. Lexus маркалы көлігін рұқсат етілмеген жерде жүргізгенін анықтады", - деді Алматы ІІД ЖПҚ іздеу бөлімінің басшысы подполковник Ерік Насырбеков. 

Алматы полицейлерінің мәліметінше, жол қозғалысы ережесін бұзу әрекеті 13 шілдеде шамамен сағат 18:30-да Темириязев пен Байзақов көшелерінің қиылысында болған. 

"Жол жүру ережесін бұзғаны үшін жүргізушіге ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл салынды. Жүргізуші өз кінәсін толығымен мойындады", - деді Насырбеков. Айта кетейік осы оқиғаның видеосы таяуда әлеуметтік желіде жарияланған еді.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети