Қарағанды облысы тұрғындарына ескерту жасалды. Дауыл салдарынан шатырлар мен басқа да құрылыс заттарының ұшып кетуі немесе қирау ықтималдығына байланысты балаларды қорғау мақсатында көшеде жүруін шектеу сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысы тұрғындарына ескерту жасалды. Дауыл салдарынан шатырлар мен басқа да құрылыс заттарының ұшып кетуі немесе қирау ықтималдығына байланысты балаларды қорғау мақсатында көшеде жүруін шектеу сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды мен облыста таңертеңнен бері жел күшейіп, бұрқасын байқалды. Жолдардағы көктайғақ жағдайды қиындатып отыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығынан шатырлар ұшуы мүмкін екені туралы хабарлама жіберіп жатыр. "Қазгидромет" облыстық филиалы мәліметінше, бұл ауа райы Қарағанды облысының басым бөлігінде 9 ақпанға дейін сақталады. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 20-28 метрге дейін жетеді.
Фото Tengrinews.kz
"Желдің күшеюіне байланысты шатырдың ұшуы, электр қуатының үзілуі және жолдар жабылуы мүмкін. Шахтинскте осындай бір факт тіркелді, Мәскеу көшесі, 18 мекенжайында қатты желдің салдарынан үш қабатты аурухана ғимаратының шатыры жартылай бұзылды. 270 шаршы метр шатыр зақымдалған. 1977 жылы салынған ғимарат, шатырдың жалпы ауданы 2670 шаршы метр болады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Дегенмен, азаматтарға мұндай ауа райында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, елді мекендерден тыс жерлерде жүру мен шығуды шектеуді, жабық жолдарда көліктердің жиналуын болдырмауды ұсынамыз", - деп хабарлады Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, тұрғындарды ғимараттар мен құрылыстардан, биік бағаналардан, ағаштардан, билбордтардан, бағаналардан және электр сымдарынан аулақ болуға және ауа райы жағдайын бақылауға шақырды.
Қарағандылықтардан барлық оқиғаларды мына телефондар арқылы хабарлау сұралады: 112, 8 (7212) 43-36-36, 43-37-37.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!