Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Жандану әлемі" Қоры еліміздің жас дарындары үшін YouTube арнасында тегін көрсетілетін әлеуметтік онлайн курс ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қосымша білім беруге көмек онлайн курсы қызық әрі таным көкжиегін кеңейтетін 18 сабақтан тұрады. Курс - балаларға вокалдан басқа хореография, актерлік шеберлік, фортепиано сабақтарын қамтыған.
"Музыканы, әнді сүйетін және өз тыңдармандарын шығармашылығымен қуантуға дайын барлық балаларды және вокал мұғалімдерін өз білімдерін толықтыруға және жоғары білімді, оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданатын эстрада жұлдыздарымен танысуға шақырамыз. Қазіргі таңда пилоттық нұсқа болып табылатын онлайн курс болашақта сұранысқа ие ауқымды жоба болатынына сенеміз", - дейді ұйымдастырушылар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!