Балаларға қауіп төндірген: Шымкент лагерьлерінде заңбұзушылықтар анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балаларға қауіп төндірген: Шымкент лагерьлерінде заңбұзушылықтар анықталды Фото:gov.kz

Шымкент қаласының прокуратурасы балалар лагерінде тексеру жүргізіп, заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласының прокуратурасы балалар лагерінде тексеру жүргізіп, заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент прокуратурасы балалардың сауықтыру лагерлері қызметінде балалардың өмірі мен денсаулығына әсер ететін заңбұзушылықтарды анықтады.

"Hawaii лагері өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталмаған және міндеттелген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жүзеге асырған, ал 2023 жылы бұл лагерьге 478 баланы орналастырған. Ең көбі 220 баладан аспайтын "Үш бұлақ" лагерінде 310 оқушы орналастырылған, тиісінше бір баланың ұйықтайтын орны 4 шаршы метрдің орнына 2,8 шаршы метрге дейін қысқарған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, лагерьлердің көптеген қызметкерлері еңбек шартынсыз жұмыс істеген, медициналық қызметтерді біліктілігі жоқ және медбике маманының сертификатынсыз қызмет көрсеткен.

Медициналық кабинеттердің өзі белгіленген талаптарға сәйкес келмейді, міндетті медициналық препараттар мен жабдықтар жоқ.

Тексеру іс-шаралары жалғасып жатыр, нәтижелері бойынша шаралар қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети