Балалар денсаулығы – қоғамның болашағы. Сондықтан медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесін жетілдіру мемлекет пен қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстанда денсаулық сақтау саласын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанына қарамастан, балаларға медициналық қызмет көрсету жүйесінде әлі де шешімін таппаған мәселелер бар.
Балалар денсаулығы – қоғамның болашағы. Сондықтан медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесін жетілдіру мемлекет пен қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстанда денсаулық сақтау саласын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанына қарамастан, балаларға медициналық қызмет көрсету жүйесінде әлі де шешімін таппаған мәселелер бар.
Бүгін осы мәселелер аясында Шымкент қаласында балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі республикалық көшпелі семинар-кеңесі болып өтті.
Кеңес жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрі Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау Департаментінің директоры Ембергенова Мағрипа Хамитқызы, Қазақстандағы ЮНИСЕФ және ДДҰ координаторлары, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, бас штаттан тыс республикалық балалар мамандары, БМСК және балалар стационарларының бас дәрігерлері қатысты. Кеңес барысында балалардың денсаулығын сақтау қызметінің жай-күйін талдау кеңінен талқыланды.
Ағымдағы жағдай мен балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсету стандарттары, шешімі табылмаған өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары қарастырылды. Балалар денсаулығына қатысты күрделі мәселелерді шешу үшін жоғары білікті мамандар қажет екендігі, сондай-ақ, ауылдық жерлерге педиатрлар мен балалар хирургтерін көбірек тарту қажеттілігі, балалардың денсаулығына күтім жасау туралы семинарлар ұйымдастырылып тұру міндеттемелері, төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету бойынша арнайы курстар өткізу, ақпараттық материалдар мен бейне материалдарды қолжетімді ету қажеттілігі жөнінде мамандардан көптеген ұсыныстар мен талаптар айтылды.
Сонымен бірге, ЮНИСЕФ және ДДҰ-ның Қазақстандағы координаторлары ҚР-дағы жүкті және жас балаларды патронаждық бақылаудың әмбебап прогрессивті моделін іске асыру жөніндегі ағымдағы жағдай бойынша, шешу перспективалары мен жолдары, әлемдік тәжірибені шолуда баланың когнитивтік, моторлық, коммуникативтік немесе әлеуметтік-эмоционалдық дамуының кешігуі бойынша тәуекелдерді уақтылы анықтау мақсатында 5 жасқа дейінгі скрининг мәселелері бойынша баяндамалар оқылды.
Кеңес соңында қорытынды сөз ретінде: "Балалардың денсаулығы – ұлт болашағының кепілі. Осы бағыттағы жүйелі шаралар мен кешенді бағдарламалар медициналық көмектің сапасын арттыруға және балалардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Әр бала сапалы және уақытылы медициналық көмек алу құқығына ие, сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз әрі тұрақты түрде жалғасын табуы тиіс", - дегенді айтып өтті Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Хамитқызы.