Балаларға жасалған қылмыстар үшін жазаны қатаңдату керек - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балаларға жасалған қылмыстар үшін жазаны қатаңдату керек  - Тоқаев © akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға жасалған қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға жасалған қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президент Парламенттің біріккен отырысының VI шақырылымының 5-сессиясы барысында айтты.

"Біз заңнаманы гуманизациялаумен айналысып кеттік, салдарын азаматтардың құқығын елемейміз. Жедел түрде сексуалды зорлық, педофилия, есірткі тасымалдау, адам саудасымен айналысатындарға, ауыр қылмыс жасағандарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыс жасағандардың жазасын күшейту қажет", - деді Тоқаев.

Еске салайық, 10 тамызда Тоқаевтың алғаш рет Қазақстан халқына Жолдау жариялайтыны хабарланған болатын. "2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі", - деп жазған еді Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети