17 қаңтар 2021 | 19:00

Балаларым жолымды қуғанын қаламаймын. ER-BATYR жобасында Тимур Турлов

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасында - "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры Тимур Турлов. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында неге балалары оның жолын қуғанын қаламайтынын, неге өмір сүру сапасы ақшаға байланысты емес екенін түсіндіріп, отбасы туралы әңгімелейді. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар. 


Иконка комментария блок соц сети

ER-BATYR жобасында - "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры Тимур Турлов. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында неге балалары оның жолын қуғанын қаламайтынын, неге өмір сүру сапасы ақшаға байланысты емес екенін түсіндіріп, отбасы туралы әңгімелейді. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар. 

Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Тимур Турлов - "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры. Циолковский атындағы Ресей мемлекеттік технологиялық университетін (МАТИ) бітірген. 15 жылдан аса уақыт халықаралық инвестиция саласында жұмыс істейді, АҚШ қаржы нарығы бойынша сарапшы. 

Спикер балалары оның жолын қуғанын қаламайтынын айтады. 

"Менің карьерам оңай емес екенін кесіп айта аламын, балаларым бұл іспен айналысқанын қаламаймын. Адамдар жауапкершілікке әртүрлі қарауы мүмкін - біреу оны арқалап жүре алады, біреуі еңсере алмаса, енді бірі онымен өмір сүре алады. Достарыммен көп араласамын, ірі бизнес-клубтардың мүшесімін және ер адамдар баласы оның кәсібін алып жүргенін қалайтынын сирек естимін. Үлкен кәсіп ашқан кез келген бизнесмен мыңдаған адамға жауапты, олар бұл қызық әрі ерекше өмір екенін түсінеді және ол жолмен баласының жүргенін қаламайды. Алайда аналар баласы әкесінің ізімен жүргенін қалайды. Ол маған да қатысты: біз үнемі балаларымызға біздің қолымыздан келмеген, бірақ арманда қалған нәрсені алып бергіміз келеді. Балалар арқылы өз арманыңды орындау дұрыс емес шығар", - дейді спикер.  

Тимур Турлов стреспен қалай күресетінін айтты.

"Мен 7-8 сағат ұйықтауға тырысамын, мен үшін ол өте маңызды: аз ұйықтасам, әлсіздік сеземін және ештеңеге зауқым болмайды. Біздің өмірімізде физикалық жағдай маңызды. Физикалық қалпың жақсы болса, оған эмоциялық әсерің, психикаңның тұрақтығы және өмір сүру сапаң тәуелді болады. Оның барлығы ақшаға қарағанда физикалық жағдайға байланысты. Өмір сүру сапасы қандай костюм киетініңе, қандай үйде тұратыныңа немесе көлігіңнің ыңғайлығына байланысты емес. Өмір жалғыз, ал өзіңе жұмсайтын ақша шектеулі. Ондаған, мыңдаған, жүздеген, миллиардтап санау - бірдеңеге жұмсайтын ақша емес, оны ресурс ретінде қолданып, өмірді өзгертіп, өз көзқарасыңды қалыптастыра аласың. Ал өмір сапасы саған жүктемені, көп мөлшерде стресті жеңуге көмектеседі және осының барлығына адекват түрде жауап беруге мүмкіндік береді", - дейді Тимур. 

Спикердің сөзінше, адам отбасынсыз бақытты бола алмайды. 

"Қандай да бір алкоголь сені бақытты ете алатынын елестету қиын. Одан бөлек, отбасыңның болмауы сені бақытты ететінін болжау біртүрлі. Отбасы - сенің толыққанды болуыңа әсер ететін маңызды бөлік, адам өзін бақытты сезінуі үшін қажет және бірнәрсе істеуде күш пен мүмкіндік береді. Басқа модель бойынша бақытты болуы қиын секілді. Менде басқалай өмір сүріп, бақытты болуға келтіретін дәлел де жоқ. Спортпен жиі айналысып, алкоголь ішпей, жақсы ұйықтау - бақытты болуыңа, жақсы отбасы болып қалыптасуыңа әсер ететін маңызды компоненттердің бірі", - дейді ол. 

Сонымен қатар, Тимур Турлов әйелі екеуі қызынан айырылып қалған кезеңнен қалай өткені туралы айтып берді. 

"Құдай саған көп нәрсе берген кезде, сен көп нәрседен айырыласың. Үнемі солай болады. Бәлкім, өкінішке қарай, Құдай маған көп беріп, мен өмірімде көп нәрседен айырылған болармын - ақша да, күш те, уақыт та. Басымнан жақсы жағдай да, жаман жағдай да өтті. Әрине, балаңнан айырылу ең жаманы шығар. Мен Құдай бізге сынақпен күресу мүмкіндігін бергені үшін бақыттымын. Әйелім екеуіміз Варяға диагноз қойылғалы бар уақытымызды арнай алдық. Біз дәлелді медицина тұрғысынан қолдан келгенді жасадық. Меніңше, Варя үшін сол аурумен күрескен кезең жақсы жыл болды, солай деп үміттенемін. Ол бақытты болды және біз де сол кезде бақытты болдық. Амал не, бұл өмірде күшіңіз жүрмейтін сәттер болады. Біз құдай емеспіз", - дейді спикер. 

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, шоумен Марат Оралғазин, коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев және "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан қараңыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети