18 наурыз 2020 | 16:05

"Балаларымен жүрген ата-аналарға айыппұл" - полиция хабарламаға пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция өкілдері Желіде сыртта балаларымен жүрген ата-аналарға айыппұл салынып жатқаны туралы хабарламадағы сурет шын мәнінде қашан түсірілгенін айтып берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Полиция өкілдері Желіде сыртта балаларымен жүрген ата-аналарға айыппұл салынып жатқаны туралы хабарламадағы сурет шын мәнінде қашан түсірілгенін айтып берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Айта кетейік, Талдықорғандағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында ойнап жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Оқиға 17 наурызда облыс орталығының Жаңа ғарышкер шағын ауданында болған. Сағат 17:00 шамасында қалалық полицияға 2009 жылы туған жасөспірімнің ата-анасы хабарласып, жарты сағатқа далаға ойнауға кеткен баласының әлі оралмағаны туралы айтқан. Ата-анасы алаңдаушылық танытқан соң, аталған үйдің ауласына патрульдік полицейлер жеткен. Баланы іздеу жұмыстарына сол аумақтағы жаяу патрульдер жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары алдымен сол аумақты және жақын маңды толық тексеріп шықты. Кейінірек жасөспірім үйіне жақын маңдағы 7 шағын ауданнан аман-есен табылды. Ол ойынның қызығымен жүріп, үйінен алыстап кеткеніне мән бермеген екен", - деп хабарлады Алматы облысы ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Қазіргі уақытта жалған ақпаратты таратушыларды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған тұлғалар қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Тәртіп сақшылары жалған ақпарат тарату дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын және бес жылға дейін мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделетінін ескертті.

"Короновирус пандемиясына қатысты елімізде де, әлемде де жағдай қиындап жатыр. Өкініше қарай, азаматтарымыз өзі де қиын жағдайда одан әрі ушықтыру үстінде. Мысалы, шындыққа жанасапайтын ақпараттар мен хабарламаларды үздіксіз тарату жасалып жатыр. Осыған орай, барлық азаматтардан осындай ақпараттарға аса мән бермеуге және ресми ақпарат көздері таратқан мәліметтерді ғана басшылыққа алуға шақырамыз",- деді Ақбота Қуанышбекқызы. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети