Баланы 5 жасында мектепке беру: депутат жаңа ережеге наразылығын білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баланы 5 жасында мектепке беру: депутат жаңа ережеге наразылығын білдірді Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева Оқу-ағарту министрлігінің жаңа үлгілік ережесіндегі балаларды бес жастан мектепке жіберуді міндеттейтін талаптарға наразы болды. Ол оқушы сыймай, үш ауысымда оқитын мектептердің балаларды бес жастан қабылдауға дайындығына күмән келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева Оқу-ағарту министрлігінің жаңа үлгілік ережесіндегі балаларды бес жастан мектепке жіберуді міндеттейтін талаптарға наразы болды. Ол оқушы сыймай, үш ауысымда оқитын мектептердің балаларды бес жастан қабылдауға дайындығына күмән келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Министрліктің биыл 30 тамыздағы бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына" кезекті сұрақ туындады. Бұл балалардың мектепке дейінгі ұйымдарды бітіру мерзімдеріне қатысты. Жаңа ережелерде биыл, яғни 31 желтоқсанға дейін 6 жасқа толатын балалар мектептің бірінші сыныбына баруы керек.

Мұндай балаларға толық алты жасқа толған күннен бастап бюджеттен қаржыландыру тоқтатылады. Бұл олардың оқу және мектепке дайындалу процесінен өтіп жатқан кезде болады. Жыл ортасында оқудан шығып қалмаудың бірден-бір жолы – баланы 5 жастан мектепке жіберу", - деді Смышляева министр Асхат Аймағамбетовке жолдаған сауалында.

"Оқушылар сыймайтын және үш ауысымды мектептер бес жасар балаларды қабылдауға дайын ба? Бұл мектептердегі орын тапшылығына байланысты орынды ма? Сонымен, ата-аналар бес жасар баланы мектепте беруге дайын ба?", - деп сұрады депутат.

Ол Оқу-ағарту министрлігін 5 жасар балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу сәтіндегі нақты жасына байланысты болуын қамтамасыз етуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети