11 желтоқсан 2023 | 11:16

Баланы азғырды деген екі ақтөбелікке 70 миллион теңгеден аса ақша төленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Ақтөбе тұрғыны мен оның танысы ақталды. Олар келтірген шығын үшін мемлекеттен өтемақы сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.


Ақтөбе тұрғыны мен оның танысы ақталды. Олар келтірген шығын үшін мемлекеттен өтемақы сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін Ақтөбе тұрғыны қызының телефонынан оның жалаңаш түскен суретін тауып алған. Ол қыздың анасы - ажырасып кеткен әйелінің үстінен полицияға арыз жазған. Баланы жалаңаш суретке түсіріп, сол арқылы кәмелеттік жасқа толмаған баланы азғырды деген айыппен әйел мен оның танысының үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Бірінші сатыдағы сот қыздың анасын 9 жылға, танысын 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Алайда, облыстық сот алқасы істерді қарап, екі сотталушының да бұлтартпас алиби бар, ол бойынша тергеу белгілеген уақытта баланы суретке түсіре алмаған деген қорытындыға келді.

Нәтижесінде былтыр тамызда сот екеуін де ақтап шыққан.

Бір жылдан аса темір тордың ар жағында отырған қыздың анасы биыл мемлекеттен моральдық шығын үшін бес миллион теңге өндіріп алды.

Жақында облыстық сот алқасы екінші ақталған азаматтың мемлекетке талап арызы бойынша ұйғарым шығарды. Моральдық шығын үшін ол 30 миллион теңге талап етті, мүліктік залал үшін - одан да көп, сондай-ақ бұл сомаға тергеуде және соттарда оны қорғаған адвокаттардың қызметтері мен шығындарын төлеу кіреді.

"Облыстық сот алқасы мынадай ұйғарым шығарды: Қаржы министрлігі оған моральдық шығын үшін 7 миллион теңге, мүліктік залал үшін 54 миллион 186 мың теңге және өкілдің қызметі үшін тағы 5 миллион 430 мың теңге төлеуі тиіс", - деп жазады "Диапазон".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети