"Баланы баспен құлатқан": Павлодарда дәрігерлердің салғырттығы тергеліп жатыр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Павлодар тұрғыны жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға барар жолда оның бір жасар баласын жарақаттап алғанын айтады. Айтуынша,  баланың қабырғасы сынған. Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар тұрғыны жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға барар жолда оның бір жасар баласын жарақаттап алғанын айтады. Айтуынша,  баланың қабырғасы сынған. Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарлық әйел жантүршігерлік оқиға туралы Instagram-да жазды. Әйел 6 сәуір күні сағат 21:03-те жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келгенше нәресте бірнеше мәрте есінен танып қалған. Әйел дәрігерлердің тез жеткенін, алайда алғашқы көмек көрсетуге дайын еместіктерін айтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

"Олар оттегісіз келген, содан кейін алғашқы көмек көрсету үшін керекті құрылғыларын алуға тағы үш рет көлікке барды. Осы кезде жоғалған уақытты айтсаңызшы. Нәтижесінде, менің бір жасар балама алғашқы көмек көрсетіп, қабырғасын сындырды, бұл бергі жағы. Ауруханаға барар жолда баланы баспен құлатты. Қазір балам ауыр жағдайда реанимацияда жатыр. Жедел жәрдем бригадасының немқұрайдылығына қатысты шаралар қабылдаңыз", - деп жазды автор.

Әйелдің туыстарының айтуынша, сол күні жедел жәрдем балаға екі рет келген.

"Алғаш рет түскі уақытта шақырылды, ол кезде баланың ұстамасы болмады. Оның ыстығы көтеріліп тұрды, әпкем оның жүрегін, өкпесін тыңдауды өтінді. Жедел жәрдем дәрігерлері өкпесі таза екенін, тіс шығып жатқандықтан мазасызданып, ыстығы көтеріліп жатқанын айтты. Қазір балада пневмония, яғни жедел жәрдем мұны білмеген, тағы бір немқұрайдылық. Егер әпкем балада пневмония екенін білгенде ауруханаға ерте баратын еді. Сондай-ақ, жолда жедел жәрдем дәрігерлері баланы темір еденге басымен құлатқан", - деді әйелдің туысы.

Айта кетейік, облыстық жедел жәрдем станциясында зардап шеккен баланың қабырғасы сынбағанын айтқан. Алайда кейінірек жарақат бар, қабырғасы сынғаны анықталған.

"Баланы қабылдаған аурухана рентгенге түсіргенде баланың қабырғасы сынбағанын, бәрі жақсы екенін айтқан. Қазір біз қабырғасы сынғанын біліп отырмыз. Бұның қалай болғанын анықтаймыз", - деді дәрігерлер.

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы да сәбидің қабырғасы сынғанын растады.

"2021 жылы туылған бала қазіргі уақытта облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Диагнозы екі жақты полисегментальды пневмония. Сонымен қатар, церебральды сал ауруы, психомоторлық дамудың кешігуі, симптоматикалық эпилепсия, конвульсиялық синдром бар. Сондай-ақ, сегізінші қабырғасы сынған. Аталған факт бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде", - деп түсіндірді ведомствода.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro