04 наурыз 2021 | 11:23

"Баланы еденге атып ұрды". Өскеменде балабақшада болған жанжал видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр

Өскеменде балабақша тәрбиешісі кішкентай баланы еденге атып ұрады, ал ол жылап қалады. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Өскеменде балабақша тәрбиешісі кішкентай баланы еденге атып ұрады, ал ол жылап қалады. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өскемендегі "Арман" балабақшасында жанжал шықты. Балалардың бірінің ата-анасы тәрбиеші ұлымен қатал екеніне шағымданды. Айыпты растау үшін олар видео кадрларын көрсетті, онда тәрбиешінің баланы ұстап алып, басқалардың көзінше еденге атып ұрғаны анық көрінеді. Бала жылай бастайды, ол басқаларға жүгіріп барады, бірақ тәрбиеші оған қайта жақындап, итере бастайды. Бала еденге құлайды. Жылайды. Мұнда балабақшаның басқа да қызметкерлері жүр. Олар бәрін көріп тұр, бірақ тәрбиешіні тоқтатқан жан жоқ.

Видеодан тәрбиешінің баланы өзімен алып кеткенін көруге болады. 

"Балаға балабақшада жақсы дейсіз бе? Бала балабақшада қорқады. Міне, қайда алып барады?" - деп ренжіді кадр сыртындағы әйел.

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы бұл деректі растады. Видеодағы жанжал 17 ақпанда болғаны, ал баланың ата-анасы кеше арызданғаны мәлім болды.

"Әрине, біз бірден әрекетке кірістік. Іспен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Қызметкерлер жазаланады", - деді ШҚО білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Ведомство мәліметінше, балабақша директоры мен тәрбиеші жұмыстан босатылды, ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы ("Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша тәрбиешіге қылмыстық іс қозғалды.

Іс білім саласындағы бақылау департаментіне де жолданды, сондай-ақ бүгіннен бастап топтағы балалармен психолог жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети