03 қазан 2014 | 15:07

Баланы шетелге екінші ата-ананың келісімінсіз алып шығуға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©veselajashkola.ru ©veselajashkola.ru

Ата-ананың бірі баласын шетелге алып шығуы үшін екінші ата-ананың нотариуспен мақұлданған келісімі талап етілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі заңгер Михаил Кленчинге сілтеме жасап. Ол мұны ҚР Шекара қызметінің ресми жауабына сілтеме жасап мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Ата-ананың бірі баласын шетелге алып шығуы үшін екінші ата-ананың нотариуспен мақұлданған келісімі талап етілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі заңгер Михаил Кленчинге сілтеме жасап. Ол мұны ҚР Шекара қызметінің ресми жауабына сілтеме жасап мәлімдеді.

Сауалының мәтінін ол өзінің әлеуметтік желідегі парағына орналастырды. "ҚР қолданыстағы заңнамасында баланың өз ата-анасының бірімен ҚР аумағынан сыртқа уақытша шығуы үшін екінші ата-ананың нотариуспен мақұлданған келісімінің міндетті түрде болуы қарастырылмаған. Соған байланысты екінші ата-ананың нотариуспен мақұлданған келісімі болмаған жағдайда ҚР ҰҚК Шекара қызметі мамандары баланың өз ата-анасының бірімен шетелге шығуына қарсы болуға құқылы емес", - делінген Кленчиннің әлеуметтік желіде орналастырған құжатында. Айта кетейік, онда мұндай жағдайда шекарашылар заңсыз әрекетке барса, ведомствоның өзіне немесе басқа құқық қорғау органына хабарласуға кеңес берілген. 

Қазақстанда борышкерлерден қарыз өндіру үшін олардың шетелге шығуына тыйым салынатыны белгілі. 2013 жылы 58350 адамның шетелге шығуына шектеу қойылды. 2014 жылдың мамыр айына дейін 21,5 мың қазақстандықтың шетелге шығуына тыйым салынды. Бұл шараны сот орындаушысы атқару құжатында көрсетілген мерзім бойынша қарызды өтемеген борышкерлерге қолданады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети