Баланы тепкен: Атырау сотында тәрбиешіге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баланы тепкен: Атырау сотында тәрбиешіге айыппұл салынды видео кадры

Атырауда жекеменшік балабақша тәрбиешісінің ісі бойынша сот шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда жекеменшік балабақша тәрбиешісінің ісі бойынша сот шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған іс материалдарына сәйкес, тәрбиеші сабақ кезінде баланы ұрып жіберген. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, баланың оң жамбасында көгерген іздер анықталған.

Балаға қатыгездік танытқаны үшін тәрбиеші Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталды. Жиналған материалдар негізінде оның кінәсі толық дәлелденген.

Сотта прокурор 80 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салу және 3 жылға белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын сұрады.

Сотталушы мен оның қорғаушысы кінәсін толық мойындап, кешірім сұрап, қатаң жаза тағайындамауды сұраған. Жәбірленуші тарап та жеңілдеу үкім шығаруды сұрады.

Сот бұл істің сипатын, оның қоғамдық қауіптілік деңгейін, сотталушының жеке басын, оның отбасылық жағдайын және алғаш рет қылмыс жасағанын ескере отырып, оның шын жүректен өкінгенін назарға алды.

Нәтижесінде сот тәрбиешіні ҚР ҚК-ның 140-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 80 АЕК (314 560 теңге) көлемінде айыппұл салу және 1 жылға педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салу туралы шешім шығарды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети