Баланың көзіне бұрыш баллонын шашқан: жасөспірім 2 айға қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баланың көзіне бұрыш баллонын шашқан: жасөспірім 2 айға қамауға алынды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысының мамандандырылған тергеу соты баланың көзіне бұрыш баллонын шашқан жасөспірімді екі айға қамауға алу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының мамандандырылған тергеу соты баланың көзіне бұрыш баллонын шашқан жасөспірімді екі айға қамауға алу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз қызметі мәліметінше, сотқа бөтеннің мүлкін ашық ұрлау және бұзақылық жасады деген күдікке ілінген А-ға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану туралы арыз түсті.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, "А" мас күйде басқа кәмелетке толмаған баланың аяқкиімін ұрлап, оған 16 мың теңгеге материалдық шығын келтірген. Содан кейін, бұзақылық ниетпен әрекет ете отырып, "А" адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы В-ға бұрыш баллонын қолданған.

"Тергеу судьясы А балаға қарсы ауыр қылмыс жасағанын ескере отырып, қылмыс жасағаннан кейін республикадан тысқары жерлерге жасырынуға тырысты, Батыс Қазақстан облысының аумағында ұсталды, яғни бостандықта болған кезде күдікті қылмыстық жауаптылықтан жалтару мақсатында қылмыстық қудалау органы мен соттан жасырынып қалуы мүмкін. А-ға қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети