17 тамыз 2023 | 09:18

"Баланың өңешіндегі батарейканы байқамады": дәрігерлер айыптауға жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық ауруханасының дәрігерлері бір жасар бала батарейка жұтып қойған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық ауруханасының дәрігерлері бір жасар бала батарейка жұтып қойған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, бала туғаннан Зайсандағы екінші учаскеде қаралып келген. Ұлттық күнтізбе бойынша екпе алған.

"2023 жылдың 23-29 мамыры аралығында жедел фарингиттен емделген, сол кезде баланың анасының айтуы бойынша сирек жөтелге және дене қызуына шағымдары болған. Емдеуден кейін баланың жағдайы жақсарған, бірақ анасының айтуы бойынша, жұтыну немесе кекірудің бұзылуы болмаған", - деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Өңір дәрігерлерінің айтуынша, 10 шілдеде ана мен бала қабылдауға тағы да келіп, тәбеттің төмендеуі, қатты тағам жегеннен кейін лоқсу пайда болғанына шағымданған.

"Бала ботқа жеген, анасы баланың батарейка жұтып қойғанын айтпады, тіпті білмеді де. Баланың шағымын ескере отырып, Өскемендегі Ана мен бала орталығында тексерілу ұсынылды. Бірақ анасы, қалада қонатын жері жоқтығын айтып, қосымша тексеруден өту үшін Алматы қаласына барған. Анасы учаскелік дәрігерге шағымы жоқ екені туралы қолхат берген", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Дәрігерлер баланы бірнеше дәрігер тексергені және одан кейінгі уақытта тұмау, фарингит деген диагноздар қойғаны туралы ақпаратты да жоққа шығарды.

Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны бір жасар баласы батарейка жұтып қойып, ол 1,5 ай өңеште тұрғанын айтып берді. Оның айтуынша, зайсандық дәрігерлер сәбиді осы уақыт бойы тұмау мен фарингиттен емдеп келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети