Баласы мен келінін басшылық қызметке орналастырған әкім орынбасары жұмысынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баласы мен келінін басшылық қызметке орналастырған әкім орынбасары жұмысынан айырылды Сара Нұрқатова. © ortcom.kz

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова жұмыстан шығарылады. Бұл туралы орталық коммуникациялық қызметіндегі баспасөз мәслихатында Бердібек Сапарбаев хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова жұмыстан шығарылады. Бұл туралы орталық коммуникациялық қызметіндегі баспасөз мәслихатында Бердібек Сапарбаев хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен онымен бірнеше рет әңгімелестім. Әрине, ол мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексіне қатысты қателік жасады. Ол бірнеше күн бұрын жұмыстан кету туралы арыз жазды. Қазір ол өз қалауымен жұмысынан кетеді. Оның қызметіне, баласына, келініне қатысты мәселені біз шештік. Баласы қызметінен босады, келіні де", - деді Tengrinews.kz тілшісіне Сапарбаев. 

Осыған дейін әкім орынбасары Сара Нұрқатованың жұмыстан кетуге арыз жазғаны хабарланған болатын. Оның баласы Максим Чаркин мен келіні Алуа Касимова да қызмет орнын босатуды шешіпті.

Еске салайық, биылғы қазан айында "Нұр Отан" партиясына қарасты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатоваға оның жақын туыстарының жетекші қызметтерде жұмыс істейтіні үшін жұмыстан кетуге ұсыныс жасаған болатын.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети