Баласы бар қазақстандықтарды ақылы демалысқа жіберуге байланысты министрлік пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баласы бар қазақстандықтарды ақылы демалысқа жіберуге байланысты министрлік пікір білдірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баласы бар қазақстандықтардың ақылы демалысқа жіберілуі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баласы бар қазақстандықтардың ақылы демалысқа жіберілуі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент бұл мәселені жұмыс берушілермен пысықтауды тапсырды. Қазіргі уақытта біздің министрлік ұсыныстар әзірлеп, облыс әкімдіктеріне жіберді. Тиісінше, қазір жұмыс берушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Бірақ қолданыстағы кодекс бойынша ақы демалыс кестесіне сәйкес немесе тараптардың келісімі бойынша кез келген уақытта беріледі. Еңбек заңнамасы еш кедергі келтірмейді", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс берушілер баласы бар қазақстандықтар ақылы демалысқа жіберілуі туралы мәселені қарастыруы керегін айтты. Үкімет ұйымдарды фискалдық механизмдер арқылы қолдау көрсету шараларын қабылдау керек екенін мәлімдеген болатын.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети