Түркияда теңіз жағалауында суға баламен кіріп, батып өлетінін айтып, айғайлаған қазақстандық әйелдің әрекетін өз көзімен көрген куәгер Tengrinews.kz тілшісіне болған жайтты баяндап берді.
Түркияда теңіз жағалауында суға баламен кіріп, батып өлетінін айтып, айғайлаған қазақстандық әйелдің әрекетін өз көзімен көрген куәгер Tengrinews.kz тілшісіне болған жайтты баяндап берді.
Қонақүйдің гиды Эльманның сөзінше, оқиға Кемере жағалауында болған. Әйел адам баласымен және құрбысымен демалуға келіп, ішімдікті тым көп ішкендіктен барда ұйықтап қалған.
"11-12 маусымда болды шамамен. Тым көп ішіп қойып, барда ұйықтап қалған. Оны оятып, бөлмесіне бару ұсынылды. Ол тағы да ішімдік құюды сұрады. Ол тым көп ішкендіктен, өтінішін орындамады. Ол сотқарлық таныта бастады. Бізді шақыртты да, басу айтуын сұрады. Басында "маған сыра құйғысы келмейді, бұл не деген қонақүй? Түріктер маған сыра құймайды" деп айғайлады.
Онымен тілдесе бастадық, құрбысымен бірге басқандай болдық. Аяқ-аясты ол баланы көтеріп алып, қонақүйден жағажайына жүгіріп кетті. Біз артынан жүгірдік. Жағалауға жеткенімізде баласымен бірге суға батып бара жатты. Мен формамды шешіп, судан алып шықтым. Ол "Мен суға кетемін, маған сыра құймайды" деді. Тым мас болатын. Біз оған "Қазір бұл қылығыңызды тоқтатпасаңыз жандармерия шақыртамыз" деп, сотталатынын айттық", - дейді Эльман.
Ер адамның айтуынша, әйелдің бес-алты жастағы баласы шошып, жылай бастаған. Құрбысы ішпеген екен, әйелді бөлмесіне жатқызған соң, баланы сол алып кеткен. Сонымен бірге, қазақстандық әйелді ешкім қонақүйден қумаған. Тек тыныштала ма деп қорқытып көрген екен.
"Адам қатты мас күйде басқаларға демалуға бөгет болса, қонақүй қызметкерлерімен жанжалдасса, қонақүйдің әкімшілігі оны шығарып жіберуге құқылы. Бұл жағдайда біз тек ескерттік, тыныштануын сұрадық. Мұны біз емес, қонақүй иелері айтқан", - дейді ол.
Мұның алдында Түркияда баласымен бірге суға кетпек болған әйелдің кім екенін (қазақстандық болуы мүмкін) ҚР СІМ анықтап жатқаны хабарланған. Анталиядағы жағажайда түсірілген видеода әйел адам баласымен бірге суға кетемін деп қорқытқанын көруге болады. Оқиға куәгерлері оны тыныштандырмақ болған. Бұл әрекетін әйел қонақүйден шығарып тастағалы жатқанына ренішімен түсіндірді.