15 қаңтар 2016 | 09:21

Баласыз жұп дәретханаға тасталған сәбиді асырап алуға дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы Абай ауылының маңында жол бойындағы дәретханадан табылған сәбидің оқиғасына оқырмандар мен көрермендер бей-жай қарай алмады. Әлеуметтік желілерде адамдар қыз баланы асырап алуға ниет білдіре бастады, - деп хабарлайды "Знамя Труда" газеті.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысындағы Абай ауылының маңында жол бойындағы дәретханадан табылған сәбидің оқиғасына оқырмандар мен көрермендер бей-жай қарай алмады. Әлеуметтік желілерде адамдар қыз баланы асырап алуға ниет білдіре бастады, - деп хабарлайды "Знамя Труда" газеті.

Жуалы ауданында тұратын Шақпақ ауылында тұратын Ескендір Ахметов пен Елена Тұрғымбекова сәбиді асырап алатынын айтып, мақсаттарына жету үшін қолдан келгендерін жасау үстінде. Жұптың бас қосқанына осымен төртінші жыл екен. Олар балалы болуды армандаса да, мұндай қуанышқа әзірше жету мүмкін болмай отыр екен. Отасқандарына екі жыл толғанда ата-енелері бала асырап алуды ұсыныпты, бірақ Ескендір мен Елена үмітін үзгісі келмейді. Алайда әжетханаға тасталған сәбидің оқиғасын көргеннен кейін жұп асырап алуға бел буады.

"Әйелім жаңалықтардан көріп қалып, Интернетті ақтарып, іздестіріп, мәлімет тауыпты. Оның бойында бір өзгерістің барын сездім - қызды асырап алайықшы деп сұрады. Көзіне қарадым да, бірден келістім, - дейді Ескендір. - ата-енемізбен ақылдасып, келісімді алдық. Енді қажетті құжаттарды жинау үшін органдарға барамыз".

Ескендір Ахметов және Елена Тұрғымбекова. © Нұрғиса Тұрғынбек

"Мұндай сыйдан қалайша бас тартуға болатынын түсінбейміз. Бұл Жаратқанның сыйы ғой - тірі, сау сәби, - дейді көзіне жас алған Елена. - Қызды көрген күнімнен бастап оны кеудеме басып, құшағыма алғанымды ғана ойлайтын болдым. Ол тіпті біздің қанымыз секілденеді де тұрады, үйімізге әкелген бетте бізді ата-анасы деп қабылдайды".

Басылымның мәліметінше, бұл жұптың сәбидің ата-анасы болуға зор мүмкіндігі бар. Олардың баспанасы бар. Екеуі де жұмыс істейді: Ескендір - музыкант, Елена балабақшада. Ата-енесі де сәбидің өздеріне түскенін қалап отыр.


© Facebook

Елена мен Ескендір сәби аудандық ауруханадан Тараздағы Сәбилер үйіне ауыстырылғанда өз ниеттерін қамқоршылық органдарға білдіреді алады. "Жауапты тұлғалардың қолдауымен сәби өз үйін табады деп үміттенеміз", - деп жазады басылым. 

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 3 қаңтарында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолындағы қоғамдық әжетханадан жаңа туған сәби табылған болатын. 8 қаңтарда полицейлер дәретханаға жаңа туған сәбиін тастаған келіншекті тапты. Дәрігерлер нәрестенің шамамен 6 күн бұрын дүниеге келгенін анықтады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети