Балдырған Сыбанбаеваның өліміне қатысты істің неліктен тоқтатылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Балдырған Сыбанбаеваның өліміне қатысты істің неліктен тоқтатылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Астана қалалық ішкі істер департаментінің өкілдері күдіктінің өліміне сәйкес ҚР Қылмыстық Кодексінің 35-бабының 1-бөлігі 11-тармағы бойынша Балдырған Сыбанбаеваның өліміне қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтатты. Бұл шешімнің заңдылығын Астана қалалық прокуратура өкілдері тексереді", - делінген Астана прокуратурасының редакция жолдаған сауалнамаға берген жауабында.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Астана қалалық ІІД тергеу басқармасындағылар қылмыстық істің аясында күдіктінің өліміне қатысты деректерді зерттеп жатыр. Айта кетейік, 25 қазанда Балдырған Сыбанбаеваның өліміне қатысы бар делінген күдіктінің өзеннен өлі табылғаны хабарланған болатын.
Еске салайық, Астанада түнгі клубқа барып, қайта оралмаған Балдырған Сыбанбаева биыл 26 маусымда сағат 12:00 шамасында Пригородный ауылы маңындағы тоғайдан өлі табылған болатын.
Кейін полиция бұл қылмысқа күдіктіні анықтаған. Ол Астананың 25 жастағы тұрғыны болып шыққан еді.