Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев мемлекеттік қызметкер қандай болуы керек екенін айтып берді. Бұл туралы ол Астанада "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында өткен кеште айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев мемлекеттік қызметкер қандай болуы керек екенін айтып берді. Бұл туралы ол Астанада "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында өткен кеште айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, кеш мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өтті және ол мәдени ашықтыққа, ұлттық рухты нығайтуға және мемлекеттік қызметшілердің шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған. Сондай-ақ, кештің Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Өзгерістерді өзіңнен баста" ішкі бағдарламасы аясында өткені айтылады.
Іс-шарада мемлекеттік қызметшілер айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың шығармалығымен танысқан.
Сондай-ақ, ведомстводағылардың мәліметінше, бұдан бөлек кеш барысында шынайы отансүйгіштік, жастардың адамгершілік тәрбиесі, тіл, Қазақстан халқына қызмет ету сияқты өзекті мәселелер көтерілді. Айтыскер ақын өз сөзінде көпшілікке шығармашылық туындыларын таныстырып, көрермендермен әңгімелесу барысында суырып салма ақындық шеберлігін көрсетті.
Мемлекеттік қызметшілер Балғынбек Имашевтың шығармашылық туындылары арқылы сананы жаңғырту идеясын ұғына түсті. Бұған дәлел - шара соңында айтыскер ақынға қойылған біршама сұрақтар.
"Айта кету керек, мұндай кештер Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тұрақты түрде айына 2 рет, бейсенбі күндері ұйымдастырылуда. Бүгінгі күні АгенттікҚазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып мемлекеттік қызметшілер үшін 2 шығармашылық кеш өткізді", - дейді агенттік өкілдері.
Бұдан бөлек, кешке көпшілікке кеңінен танымал шығармашылық қайраткерлер және ақындар Бауыржан Қарағызұлы, Дәулеткерей Кәпұлы, Ұларбек Нұрғалым, Дәуірбек Құдабайұлы, Роза Мұқанова, Оңайгүл Тұржан, Жадыра Байбұланованың қатысқаны айтылады.