Балиде жол апатына ұшырап, комаға түскен қазақстандық Руслан Исаев отанына жеткізілді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.
Балиде жол апатына ұшырап, комаға түскен қазақстандық Руслан Исаев отанына жеткізілді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.
"10 қыркүйекте отандасымыз Исаев Балиден Қазақстанға санавиацияның арнайы бортымен жеткізілді. Оның туыстары республиканың сыртқы істер министріне зардап шегушіні елге әкелу туралы өтініштерін айтты. Исаев елге жеткізіле салысымен Алматыдағы №7 қалалық ауруханаға жатқызылды. Жігіт есін жиды, емді сол жерде қабылдап жатыр", - деді сыртқы саясат ведомствосының өкілі.
Сонымен қатар, зардап шеккен жігіттің анасы Исаевқа 17 қыркүйекте №7 ауруханада операцияның жасалғанын хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, операциядан кейінгі сауықтыру кезеңі шамамен бір айға созылады. Тамара Исаева жігіттің аман қалуына себепші болғандардың барлығына алғысын білдірді.
Еске сала кетейік, осыған дейін тау шаңғысынан спорт шебері, қазақстандық Руслан Исаевтің Бали аралында жол апатына ұшырағаны хабарланған болатын. 32 жастағы спортшы өз мотоциклімен басқа біреудікіне соғылған.