Балиде қамауға алынған қазақстандықтар туралы тың дерек шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балиде қамауға алынған қазақстандықтар туралы тың дерек шықты Фото: thebalimedia.com

Балидің есірткіге қарсы күрес жөніндегі ұлттық агенттігі есірткі таратты деген күдікпен ұсталған екі қазақстандыққа қатысты тергеудің егжей-тегжейін мәлімдеді. Бұл туралы Тhe Вali Мedia жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балидің есірткіге қарсы күрес жөніндегі ұлттық агенттігі есірткі таратты деген күдікпен ұсталған екі қазақстандыққа қатысты тергеудің егжей-тегжейін мәлімдеді. Бұл туралы Тhe Вali Мedia жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БАҚ мәліметінше, алдымен жергілікті тұрғындар күдікті шетелдіктер туралы полицияға хабарлаған, кейін құқық қорғау органдары оларды қадағалай бастаған. Бір күні полицейлер шетелдіктер жол жиегіне тоқтағанын байқапты. Олардың бірі жолдан бірдеңе іздеген, ал екіншісі оны мотоциклде күтіп тұрған.

Осылайша полицейлер шетелдіктерді ұстаған. Тінту кезінде оларда есірткі, яғни метамфетаминнің 30 қаптамасы табылған.

Алдын ала мәліметтер бойынша тергеу барысында қазақстандықтар Ресейде орналасқан ірі халықаралық есірткі желісіне кіретіні анықталған.

Сондай-ақ, есірткі желісін EVIL (зұлымдық) бүркеншік атымен белгілі бір адам басқаратыны айтылады. Оған іздеу жарияланған, бірақ құқық қорғау органдарының пікірінше, ол бұл істі Индонезиядан тыс жерде басқарып отыр.

Қазір күдікті қазақстандықтардың екеуі де қамауда отыр. Оларға есірткінің заңсыз айналымы туралы бап бойынша айып тағылды, бұл бап бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Еске салайық, қазақстандықтар биыл сәуірде ұсталған, олардан шамамен 49 грамм кристалл метамфетамин табылған.

Жуырда сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Индонезияда Қазақстан азаматтарының ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети