14 тамыз 2015 | 15:43

Балиде қазақстандық спортшы жол апатына түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vk.com © Vk.com

Тау шаңғысынан спорт шебері, қазақстандық Руслан Исаев Бали аралында жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 32 жастағы спортшы өз мотоциклімен басқа біреудікіне соққан. Қазір ол Индонезия емханаларының бірінде комада жатыр.


Иконка комментария блок соц сети

Тау шаңғысынан спорт шебері, қазақстандық Руслан Исаев Бали аралында жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 32 жастағы спортшы өз мотоциклімен басқа біреудікіне соққан. Қазір ол Индонезия емханаларының бірінде комада жатыр.

Жол-көлік оқиғасы бірнеше күн бұрын Бали аралында болды. Русланның анасы Тамара Исаеваның айтуынша, Индонезияға ол 30 шілдеде ұшып кеткен, кейін оның артынан достары баратын болды. Әйел баласының ЦСКА-ға қатысқанын, тау шаңғысынан спорт шебері екендігін және жекпе-жекпен айналысатынын айтты. 2003 жылы Исаев грэпплингтен Алматы чемпионатында қола жүлдегер атанған.

Жол апаты жөнінде оның танысы Николай Кан толығырақ айтып берді. Оның мәліметінше, қазақстандық спортшының бас сүйегі сынған, миына қан құйылған, қазір Руслан Бали аралының орталық ауруханасында жатыр. Оның жағдайы тым ауыр. Оған құны 90 мың доллар болатын операция жасалуы керек.

"Жол апатын көрген адамдар жоқ, сондықтан да кімнің кінәлі екенін айту қиын. Бірақ полицейлер жол апатына Русланның кінәлі екенін айтып отыр. Ол ауыр жарақат алды, ауруханаға әкелгенде оны бірден қабылдаған жоқ. (...) Ол операция кезегін күтіп үш сағаттай дәлізде жатты, - деді Николай Кан. Кейін сақтандыру компаниясының бұл ауруханаға қызмет етпейтіні анықталды. Бізге басқа аурухананың мекен-жайын берді, дегенмен онда операция 90 мың доллар тұрады екен. Бұл тек бастапқысы ғана. Оның жағдайы жақсы болатыны, көзі көріп кететіні белгісіз".

Сонымен қатар, Кан Исаевтың жол апаты кезінде мас болмағаны да белгісіз екендігін айтты. Дәрігерлер қазақстандықтың апат кезінде қандай жағдайда болғаны туралы айтаған. Бірақ спортшының анасы ұлының ешқашан алкогольді ішімдік пайдаланбайтынын айтты. Руслан Исаевтың отбасы емге қажетті ақшаны жинап жатыр. Спортшының қарындасы Балиге ұшып кетті. Исаевтың туыстары ҚР елшілігінің де көмектесіп жатқанын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети