Балиде жол апатына ұшырап, комаға түскен қазақстандық отанына жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балиде жол апатына ұшырап, комаға түскен қазақстандық отанына жеткізілді Коллаж vk.com желісіндегі суреттерден жасалған. © Tengrinews.kz

Балиде жол апатына ұшырап, комаға түскен қазақстандық Руслан Исаев отанына жеткізілді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балиде жол апатына ұшырап, комаға түскен қазақстандық Руслан Исаев отанына жеткізілді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.

"10 қыркүйекте отандасымыз Исаев Балиден Қазақстанға санавиацияның арнайы бортымен жеткізілді. Оның туыстары республиканың сыртқы істер министріне зардап шегушіні елге әкелу туралы өтініштерін айтты. Исаев елге жеткізіле салысымен Алматыдағы №7 қалалық ауруханаға жатқызылды. Жігіт есін жиды, емді сол жерде қабылдап жатыр", - деді сыртқы саясат ведомствосының өкілі.

Сонымен қатар, зардап шеккен жігіттің анасы Исаевқа 17 қыркүйекте №7 ауруханада операцияның жасалғанын хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, операциядан кейінгі сауықтыру кезеңі шамамен бір айға созылады. Тамара Исаева жігіттің аман қалуына себепші болғандардың барлығына алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, осыған дейін тау шаңғысынан спорт шебері, қазақстандық Руслан Исаевтің Бали аралында жол апатына ұшырағаны хабарланған болатын. 32 жастағы спортшы өз мотоциклімен басқа біреудікіне соғылған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети