Балқаш көліне сарқын су төгіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқаш көліне сарқын су төгіліп жатыр ©КТК

Балқаш көліне сарқын су төгіліп жатыр. Экологтар шұғыл түрде оқиға орнына барды. Тұрғындар суға иісі бар сары сұйықтық ағып жатқанын көрген. Кәріз желілеріне қызмет көрсететін компания тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Тұрғындар нәжіс бар су ағып, көлге құйылып жатқанына сенімді. Олар әкімдікке Балқаштың ластануына қатысты бірнеше рет шағымданғанын, бірақ ешқандай жауап болмағанын айтты, дейді телеарна журналисі.

Әлеуметтік желілердегі сыннан кейін шенеуніктер оқиға орнына барған. Енді Экология департаментінің өкілдері бұл судың не екенін және көлге қандай зиян келтіретінін анықтап жатыр.

"Біз Шашубай ауылының полиция бастығымен және ТКШ мамандарымен бірге шықтық. Сондай-ақ,  "Балқаш су" КМК балансындағы Балқаш қаласының сарқын су төгінділерін бұзу деректерін анықтадық. Компанияда тексеру жүргізу туралы бір ұйғарым шығарылды", - деді Шашубай ауылының әкімі Данияр Серіков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети