Балқашқа балық аулауға барған екі ер адам көлге батып кетті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашқа балық аулауға барған екі ер адам көлге батып кетті

Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданы Сарышаған ауылының екі тұрғыны Балқаш көлінде балық аулауға барып батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданы Сарышаған ауылының екі тұрғыны Балқаш көлінде балық аулауға барып батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, олардың қайықпен көлікке барып, үйіне оралмағаны туралы хабар 31 наурызда түскен. Арызданушылардың айтуынша, екі ер адам бір күн бұрын кеткен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті Приозерск қалалық құтқару бөлімшесінің күштері жіберілді. Іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар да тартылды. Жағалау аймағы зерттелді. Құтқарушылар суға сүңгу жұмыстарын жүргізді.

Төтенше жағдайлар департаменті жедел-іздестіру тобы жағалаудан 2 шақырымдай жерден 1965 және 1988 жылы туған екі ер адамның мәйітін тапты.

Өлімнің мән-жайын полиция анықтап жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети