Балқашта ғимарат құлады, зардап шеккендер бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашта ғимарат құлады, зардап шеккендер бар Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қарағанды облысы Балқаш қаласында ғимарат құлап, салдарынан төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы Балқаш қаласында ғимарат құлап, салдарынан төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12 қарашада Балқаш қаласында Ленин көшесі бойында бос тұрған ғимараттың шамамен 360 шаршы метр қабырғасы қираған. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

"Қабырғаның құлауынан іргелес ғимараттағы авто жөндеу шеберханасында 4 адам жарақат алды. Бұдан басқа, іргелес жұмыс істеп тұрған авто жөндеу шеберханасы цехының шатыры, терезелері, қабырғасы, сондай-ақ жабдықтар мен 3 жеңіл автокөлік зақымдалды.

Төрт ер адам авто жөндеу шеберханасының қызметкері, оларды дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді", - делінген хабарламада.

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети