Балқашта жүк пойызы әйелді қағып кетті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашта жүк пойызы әйелді қағып кетті Иллюстрация:elements.envato.com

Балқашта жүк пойызы егде әйелді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашта жүк пойызы егде әйелді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Марқұм жұмысшы кентінің тұрғыны. Ол ауыл мен Балқаш арасындағы учаскеде темір жолды кесіп өтіп бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның есту қабілеті нашар болған. Жолда келе жатқан адамды байқаған пойыз машинисі шұғыл тежеуге тырысқанымен, соқтығысты болдырмау мүмкін болмаған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

"Аталған факт бойынша Қарағанды-Сортировочная стансасындағы желілік полиция бөлімшесінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі "Жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиға бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ департамент тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жариялауға жатпайтынын қосты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети