Балқашта карантин күшейтілді: жеке көлікпен жүруге тыйым салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашта карантин күшейтілді: жеке көлікпен жүруге тыйым салынады

Қарағанды облысы Балқаш қаласында карантин күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы Балқаш қаласында карантин күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Балқаш қаласының аумағында коронавирус инфекциясының тіркелу санының ұлғаюына байланысты 2020 жыл 24 қазанының сағат 00.00-ден бастап Балқаш қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы қаулысымен шектеу іс-шараларының күшейтілуі енгізіледі:

"1. 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуды шектеу.

2. Кәмелетке толмаған балалар ересектердің қарауынсыз жүруіне тыйым салынсын.

3. Жаппай жиналатын орындарда: гүлзарлар, саябақтар, жағалаулар мен үйлердің ауласындағы балалар ойнайтын алаңдары жабылсын.

4. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету бойынша еріктілердің жұмысын жандандыру (65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізуге, зейнетақы алуға және т.б. көмек).

5. Бұқаралық ақпарат құралдарында еріктілердің телефондары, жеткізу қызметтері жариялансын.

6. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға жұмысшыларды жеткізетін қоғамдық көліктерді қоспағанда, қала бойынша қоғамдық көліктердің қозғалысын шектеу;

7. Балқаш станциясын, Қоңырат шағын ауданын қоса алғанда, қала аумағында сағат 22.00-ден 05.00-ге дейін жеке автокөліктің барлық түріне тыйым салу.

8. Қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс уақытын сағат 22.00-ге дейін шектеу.

9. Азық-түлік сауда нысандарына жұмысын уақытын сағат 22.00-ге дейін шектеу.

10. Қызмет көрсету саласындағы нысандарға: шаштараздар, сұлулық салондар, моншалар, сауналар. Қызмет көрсетуді алдын-ала жазылу бойынша қатаң түрде жүзеге асыру, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу, келушілердің ара-қашықтығын сақтау.

11. Кәсіпкерлік субъектілерге: нысандарға маскасыз және катаральды белгілері бар (жөтел, мұрынның ағуы, температура) келушілерді кіргізбеу.

12. Тәулік бойы қалада полиция бөлімі мен әскери полиция күштерімен патрульдеуі ұйымдастырылсын. 3 адамнан артық адамдардың жиналуына жол бермеу.

13. Балқаш қаласының аумағында орналасқан әскери бөлімдері, оның ішінде азаматтық персоналы қашықтықтағы жұмыс режиміне (қызметкерлердің кемінде 50 пайызы) көшірілсін", - делінген қаулыда.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети