Балқашта самокат теуіп келе жатқан 8 жастағы баланы көлік қағып кетті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашта 63 жастағы көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде самокат теуіп келе жатқан 8 жастағы баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балқашта 63 жастағы көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде самокат теуіп келе жатқан 8 жастағы баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнындағы жантүршігерлік кадрлар видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады. Оқыс оқиға 7 мамыр Балқашта Желтоқсан көшесінде болған. Самокат теуіп келе жатқан бала жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болған кезде Toyota RAV 4 көлігі қағып кеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от V_KRG В Караганде | Qaraganda (@v_krg)

Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді.

"Toyota RAV 4 көлігінің 63 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға салдарынан 8 жастағы жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді. Факт полицияға тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Қарағанды ​​облысының ПД баспасөз қызметі.

Зардап шеккен бала жедел жәрдеммен Балқаштағы қалалық ауруханаға жеткізілді. Бірден жансақтау бөліміне түсіп, оған ота жасалды. Балада ми жарақаты мен іш қуысының жарақаты болған.

"Қазір бала реанимация бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Емдеу амалдары жалғасып жатыр. Баланың жағдайы бірқалыпты. Одан әрі тексерулер жүргізіледі. Компьютерлік томографияның деректері қажет. Сондай-ақ нейрохирургтердің консультациясы қажет болады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети