Құрылысы аса қымбатқа түсуіне және оны ұстап тұру шығын мөлшері көп болуына байланысты Балқаш көлін кесіп өтетін көпір салынбайды. Бұл туралы Tengrinews.kz. тілшісіне инвестиция және даму министрлігінен (ИДМ) хабарлады.
Құрылысы аса қымбатқа түсуіне және оны ұстап тұру шығын мөлшері көп болуына байланысты Балқаш көлін кесіп өтетін көпір салынбайды. Бұл туралы Tengrinews.kz. тілшісіне инвестиция және даму министрлігінен (ИДМ) хабарлады.
Ведомство таратқан мәліметке қарағанда, бастапқыда ол көпір көлдің ең қысқа бөлігінен және Сарыесік жартылай аралы арқылы салынады деп жоспарланған. "Күрежолдың эстакадалық бөлігінің ұзындығы 30 шақырым, ал көпірдің ұзындығы 6 шақырым болуы керек болған. Көпір өткелінің жобалық құны шамамен 382 миллиард теңгеге бағаланған. Атап айтқанда: көпір - 212 миллиард теңге, эстакадалық көпір мен оны орнату - 170 миллиард теңге деп көрсетілген", - делінгенг ИДМ мәліметінде.
Еске саламыз, Қазақстан Балқаш көлі үстінен көпір салу жоспарланғаны туралы ақпарат 2013 жылы қаңтарда тараған болатын. Мақсат - Алматы мен Астана аралығында теміржолды қысқарту еді. Ал арада жарты жыл өткенде "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ басшысы Асқар Мамин мырза ол жобаның кейінге қалдырылғанын мәлімдеген болатын. Сол уақыттта Мемлекет Басшысы бұл мәселе бойынша нақты жұмыс істеуді тапсырған. "Әрине мұндай жолдың болғаны жақсы, ал бірақ та Қытай елінде жүргізілген зерттеу жұмыстары көрсеткеніндей бұл жобаның аса қымбатқа түсетіні, оған күнделікті күтім мен жүйелі түрде жөндеу жұмыстары қажет екен. Оның үстіне Астана мен Алматы арасында қатынайтын жолаушылар тасымалдайтын поездардан көпірді ұстап тұруға қажетті қаражатты жинап алу мүмкін емес. Бұл идеяны қаржыландырмас бұрын түбегейлі есептеп шығу қажет", - деп Ақорда сайтында хабарланған.