Ақтөбелік өрт сөндірушілер 57 адамды құтқарды, оның ішінде 25 бала бар, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
Ақтөбелік өрт сөндірушілер 57 адамды құтқарды, оның ішінде 25 бала бар, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, барлығы тоқсан адам эвакуацияланған, оның ішінде отыз бала бар. Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Төтенше жағдай сәрсенбіде, 16 желтоқсанда болған. Астана ауданы, Батыс-2, 15 б үйдің үшінші қабатындағы пәтер өртенген. Өрт туралы хабар өрт сөндіру қызметінің 101 пультіне шамамен сағат 16:18-де түсті.
"Қалалық өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы дереу мекенжайға аттанды. Өрт сөндірушілер жеткен кезде, аумағы 50 шаршы метрлік пәтер жанып жатқан", - дейді департамент өкілдері.
Өрттің неден тұтанғаны хабарланған жоқ. Тілсіз жау 16:53-те сөндірілді.
"Зардап шеккен бір адам шұғыл көмек көрсету ауруханасына жатқызылды, екіншісі облыстық ауруханада қаралып жатыр", - делінген хабарламада.
Құтқарушылар тұрмыстық жағдайларда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керегін ескертті. Өрт шықса, дереу 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу қажет.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!