04 наурыз 2015 | 18:06

Балконға ілінген ту: Полицейге қатысты тәртіптік өндіріс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балконға ілінген ту. ©Жандос Құрманбаев Балконға ілінген ту. ©Жандос Құрманбаев

ҚР туын балконға ілген астаналыққа айыппұл салған полицей жазаға тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Бас прокуратура өкілдерінің редакцияның ресми сауалына берген жауабында айтылды. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР туын балконға ілген астаналыққа айыппұл салған полицей жазаға тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Бас прокуратура өкілдерінің редакцияның ресми сауалына берген жауабында айтылды. 

"Заңбұзушылыққа жол бергені үшін полицияның учаскелік инспекторы Пернешевтің үстінен тәртіптік өндіріс қозғалды, тәртіптік өндіріс Астана қаласының Есіл аудандық ішкі істер басқармасында қаралып жатыр", - деді департамент басшысы Қанат Сейдғапбаров.

Бас прокуратура өкілдерінің мәліметінше, мемлекеттік рәміздерді заңсыз қолданғаны үшін Жандос Құрманбаевқа ҚР ҚК 458-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл салу туралы әкімшілік өндіріс материалдары қадағалау тәртібінде қаралды. 

"Әкімшілік іс материалдарында Кодекстің 802-бабының 2-бөлігіндегі заңды бұзу туралы жеткілікті мәлімет табылмады. Осыған байланысты 2015 жылдың 2 наурызында Құрманбаевқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық ісі бойынша заңсыз хаттама мен қаулыға Астананың Есіл аудандық прокуратурасы қарсылық келтірді", - деді прокуратура өкілдері. 

Қарастыру қорытындысы бойынша қарсылық толықтай қанағаттандырылды, Астананың Есіл аудандық ішкі істер басқармасы 2015 жылдың 28 ақпандағы заңсыз хаттама мен қаулының күшін жойды. 

Еске салайық, 28 ақпан күні Жандос Құрманбаевқа балконға ҚР Мемлекеттік туын ілгені үшін 396 400 теңге айыппұл салынған еді. Ол Қазақстан туын үш жыл бұрын дүкеннен 30 мың теңгеге сатып алғанын айтты. "Мен өз патриотизмін білдіруі үшін әрбір қазақстандықта ту болуы керек деп есептедім. Мысалға, Олимпиада немесе чемпионаттар кезінде қазақстандықтар жеңіп жатса, мен қуанышымды білдіру үшін балконға туды ілемін. Осылай үш рет істедім - Азиада кезінде, Олимпиада кезінде және бұл жолы Геннадий Головкиннің жеңісінен соң", - деді Құрманбаев. Ол айыппұлға қарсылық келтіретінін мәлімдеді.

Заңгер Михаил Кленчин Астана тұрғынына айыппұлдың заңсыз салынғанын айтты. "Заңгер ретінде полицейлердің оны қандай да бір стандарттар мен талаптарды бұзғаны үшін емес, туды ілді деген дерек үшін айыпұл салып отырғаны мені таңғалдырды", - деді Кленчин.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети