Алматының Зерделі (бұрынғы Алғабас) шағын ауданы тұрғындары көшеге шығып, қала билігіне талап қойды. Тұрғындар балшыққа батудан шаршағанын айтты. Алматы әкімдігі Алғабастағы жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматының Зерделі (бұрынғы Алғабас) шағын ауданы тұрғындары көшеге шығып, қала билігіне талап қойды. Тұрғындар балшыққа батудан шаршағанын айтты. Алматы әкімдігі Алғабастағы жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алғабас тұрғындарының видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Видео кадрларынан тұрғындардың әкімдік өкілдерімен бірге балшықта кетіп бара жатқанын көруге болады.
"Алғабас тұрғындары батпаққа батудан шаршап, проблемасын билікке айтуға шықты. Жиында мердігер ұйым өкілдері мен Алатау ауданы әкімінің орынбасары болды. Олар бізге жұмыс жүргізілгенін және әлі де жүргізіліп жатқанын айтты. Көшелерде бәрі жақсы екенін айтып есеп берді.
Бірақ олар бірде бір көшені атап айта алмады. Сондықтан тұрғындар олармен бірге көшелерді аралауға шақты. Соған қарамастан олар өз жұмыстарын түзетудің нақты мерзімдерін атап айтпаған", - делінген желіде жарияланған жазба сипаттамасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Басқа видео кадрларынан тұрғындардың әкімдік өкілдерін қоршап, жағдайды түсіндіруді сұрап жатқанын көруге болады.
"Адамдар күн сайын осындай жолмен жүруге мәжбүр. Қарттар емханаға жете алмайды, сондай-ақ балалар дүкенге нан алуға шыға алмайды. Бәрінің отбасында көлік бола бермейді. Менің көлігім бар, бірақ ол да балшыққа батып қалады. 4VD көліктері мен КамАЗ да тұрып қалады", - дейді Алғабас тұрғындарының бірі.
Tengrinews.kz редакциясына Алматы қаласындағы Энергия тиімділігі басқармасы Алғабастағы лас жағдайға қатысты түсініктеме берді. Олар ауданда су құбыры салынып жатқанын хабарлады.
"Құрылыс жұмыстары әлі аяқталған жоқ. "Алматыинжстрой" АҚ мердігерлік ұйымы көшелерге құм сеуіп тұрады. Сондай-ақ Орақты батыр, Қара Жорға, Алдияр, Зұлпыхар, Сәмен батыр, Молдағұлова, Естемесов және Кенжекей көшелеріне құм себу жұмыстары аяқталды. Жұмыстың үлкен көлеміне байланысты құм-қиыршықтас қоспасын себу 2021 жылғы 15 наурызға дейін жалғасады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, жобада бұрын асфальт төселген ордың ені бойынша асфальт жабынын қалпына келтіру қарастырылған. Қалпына келтіру жұмыстары мамыр айында аяқталады.
"Сондай-ақ, Алматы қаласы қалалық Мобильділік басқармасы тапсырысы бойынша Алғабас шағын ауданындағы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі", - деп толықтырды ведомство өкілдері.
Айта кетейік, балшыққа батқан Алматы көшелері түсірілген видео ақпанның ортасынан бастап желіде пайда болды. Мысалы, мына кадрлардан жедел жәрдем көлігінің балшыққа батып қалғанын көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видеоның бірінде қазақстандық эстрада жұлдызы Әділ Сламханның жол талғамайтын көлігі балшыққа тұрып қалғаны түсірілген.
Кейін халыққа есеп беру кездесуінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарынан жағдайға түсіністікпен қарауды сұраған еді. Оның айтуынша, қазір көшелерді асфальттау мүмкін емес, өйткені бетон зауыттары жұмыс істемейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!