25 тамыз 2016 14:41

Балтық теңізінде қазақстандық мина-тартқыш кемесі сынақтан өткізіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігі © ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстанның Әскери-теңіз күштері үшін салынып жатқан бірінші рейдтік "Алатау" сүзетін кемесі Балтық теңізінде сынамадан өтіп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тартқыштың сынамасы жоспарлы түрде жүргізілуде және маңызды компоненттердің бірі қазіргі таңда мұқият тексеріліп жатқан оның жүріс бөлігі болып табылады.


Қазақстанның Әскери-теңіз күштері үшін салынып жатқан бірінші рейдтік "Алатау" сүзетін кемесі Балтық теңізінде сынамадан өтіп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тартқыштың сынамасы жоспарлы түрде жүргізілуде және маңызды компоненттердің бірі қазіргі таңда мұқият тексеріліп жатқан оның жүріс бөлігі болып табылады.

Корабль тралдардың зауыттық жүріс сынамаларын пысықтау үшін теңізге шықты. Оған бас штаб бастығы – ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысының бірінші орынбасары 1-дәрежелі капитан Қайыргелді Есенееевтің басшылық етуімен 6 адам қатысуда.

Корабль тартқышты сынамадан өткізу үшін Фин шығанағының қашықтықтағы полигонына өткелден өтті. Ал корабльдің қалған экипажы мен қабылдау комиссиясының офицерлері қосалқы бөліктерді, корабль мүлкін қабылдап, техникалық құжаттаманы зерделейді.

Қазіргі уақытта "Алатау" мина-тартқыш кораблі Гогланд аралының ауданында тұр. Корабльде навигациялық жүйенің, мина іздеу гидроакустикалық станцияның, артиллериялық және тралды қару-жарақтың, телебасқарылатын суасты аппараттардың тексерісін жүргізеді.

Сынама және тралшының әзірлігін тексеру аяқталғаннан кейін корабльді негізгі орналасу пунктіне ауыстыруға дайындайтын болады.

Тартқыштың ұзындығы 32 метр, ені - 7 м, экипаж - 14 адамды құрайды. Оның жүрісінің барынша жылдамдығы - 12 торап, жүзу қашықтығы - 650 миля, автономдылығы - 5 тәулік.

Еске салайық, Санкт-Петербор қаласындағы Невск кеме құрастыру зауытында қазақстандық армияның жарақтандырылуы үшін су жаңа мина-тартқыш кораблі құрастырылған болатын. Мұндай тартқыш өндірістегі бірден-бірі және композиттік материалдардан әзірленген жаңа үлгідегі корабльдердің іске асырылуы болып табылады. Корабль базалардың су айдынын, кемежайларды, фарватерлер мен жаға маңын минаға қарсы қорғау үшін арналған. Бұл кеменің пайдалануға берілуі қазақстандық Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети