Балық үшін шу шығарған 37 атыраулық тұрақты жұмысқа орналасатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балық үшін шу шығарған 37 атыраулық тұрақты жұмысқа орналасатын болды © Рахым Қойлыбаев

Балықтың уылдырық шашатын уақытында су көлігін жүргізу ережесіне наразы болған Атырау облысындағы Жанбай, Зинеден ауылдарының 37 тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге салайық, сәуір айының басында бұл тәртіпке көнгісі келмеген бірнеше тұрғын билік өкілдерімен қақтығысқан еді. Себебі, Балық қорғау инспекциясы су жануарының көбеюіне кедергі болмау үшін моторының қуаты 20 аттың күшінен асатын қайықтарды теңізге шығармай қойған.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінен соң қос ауыл тұрғындарынан 117 түйіндеме қабылданған. Өткен айдағы ақпарат бойынша, олардың 37-сі тұрақты жұмысқа орналасатын болды. 16 адамның кандидатуралары қайтадан зерделеніп жатыр.

Маман қабылдап жатқан ұйымдардың дені "ТеңізШевройл" мұнай компаниясымен бірлесіп жұмыс істейді. Ұсынылған мыңға жуық қызметтердің ішінде көлік жүргізушісі, құрылысшы секілді жұмыс орындары бар.

Айта кетелік, бұған дейін Жанбай, Зинеден ауылдарындағы жұмыссыздардың саны 118 болған еді. Елді мекендегі кейбір тұрғындар балық аулаумен айналысады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети