Қазақстандықтардың банан арқылы Эбола вирусын жұқтыруы мүмкін емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстандықтардың банан арқылы Эбола вирусын жұқтыруы мүмкін емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.
"Инфекция ауру жұқтырған адаммен тікелей қарым-қатынас кезінде және оның биологиялық сұйықтығы арқылы таралады. Сол сияқты инфекция науқастан бөлінген сұйықтықтар тиген медициналық құралдардан да жұғады. Эбола безгегі ауа-тамшы немесе ас жолдары арқылы берілмейді. Соған байланысты банандар немесе басқа да жеміс-жидек пен көкөніс арқылы безгек жұқтыру мүмкін емес", - делінген сауалға қайтарылған жауапта.
Айта кетейік, ауруды жеміс арқылы жұқтыру қаупіне алаңдап отырған жалғыз қазақстандықтар емес. Ресейде және ТМД-ның кейбір елдерінде де санитар дәрігерлер азаматтарды сабырға шақырып отыр.
Банандар соңғы жарты жыл ішінде осымен екінші рет қауесеттердің тууына себеп болды. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында белгісіз біреулер базарлар мен сауда орындарында сатылып жатқан банандарда ВИЧ-инфекциясы болуы мүмкін деген қауесет таратқан еді. Тұтынушылардың телефонына осындай мазмұндағы SMS-хабарламалар келген. Мұндай алып-қашпа әңгімелер еліміздің өзге де аймақтарында таралды.
Эбола безгегі Батыс Африкада адамның жарқанаттар мен маймылдардан ауру жұқтыруы салдарынан өршіген еді. Індет шілде айында басталды, ауру ең алдымен АҚШ пен Либерия азаматы саналатын Патрик Сойерден анықталды. Ол бірнеше күннен соң қайтыс болды. 10 қазандағы мәліметке қарағанда, Эбола безгегінен қайтыс болғандардың саны 4000 адамнан асты.