Банк өз клиентіне қатесі мен былапыт сөзі бар түбіртек берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Банк өз клиентіне қатесі мен былапыт сөзі бар түбіртек берген © mhealth.ru

"Банк ЦентрКредит" клиентке былапыт сөз бен қате жазылған мәтіні бар түбіртек берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Банк ЦентрКредит" клиентке былапыт сөз бен қате жазылған мәтіні бар түбіртек берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Facebook қолданушысы бұған наразылығын білдіріп, түбіртектің скриншотын жариялап отыр. Сөйтіп, ол түбіртектегі қазақша мәтінде жазылған қателерді санамалады. 


© Facebook.com

Бұл түбіртекте не жазылғанын ұғу қиын. "Уақыт" сөзі "уикыты" деп аударылса, "сома" сөзі "соми" деп берілген. Ал осыдан кейін "илуги шолитыш кишижит" деген түсініксіз мәтін жазылған. Ал түбіртектің соңында былапыт сөз бар. "Рақмет" сөзінің орнына Банк ЦентрКредит "Шихмет" дейді. 

"Бұл жағдайға байланысты кешірім сұраймыз. Банк мамандары бұл мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатыр. Қате түзетіледі. Техникалық ақаудың себебі анықталады", - деп хабарлады Банк өкілі Ерлан Садықов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети