19 маусым 2017 | 13:41

Банк пен қаржы секторын қасиетті сиырдай еркелете беруді тоқтатыңыздар - Депутат министрлерге

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев үкімет мүшелерінен банк пен қаржы секторын қасиетті сиырдай еркелете беруді тоқтатуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев үкімет мүшелерінен банк пен қаржы секторын қасиетті сиырдай еркелете беруді тоқтатуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті министрлер, әсіресе, коммерциялық блоктағы министрлер! Өтінемін, банк пен қаржы секторын қасиетті сиырдай еркелете беруді тоқтатыңыздар. Нағыз шынайы сектормен айналысайық! Меніңше, сіздер біздің экономикамызда салмақты рөл атқаратын дәстүрлі салаларымызды ұмытып кеттіңіздер. Мемлекет басшысы өзінің бастамасымен сіздердің рөлдеріңізді арттырды, министр мырзалар, және мұнда ең бастысы - мемлекеттік бағдарламаларды ойластыру кезіндегі жауапкершілік", - деді мәжілісмен Владислав Косарев Парламент палаталарының біріккен отырысы барысында.

Оның айтуынша, барлық мәселе билік органдарындағы лауазымды тұлғалардың қызметінің тиімділігі мен жауапкершілігінде болып тұр.

Сондай-ақ, депутат Қазақстан премьер-министрінен жоғарыдағы үлкен басшылардан жауап алуын сұрады.

"Бақытжан Әбдірұлы, сізде өтінемін, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылмауы немесе бюджеттің игерілмеуіне қатысты мәселелер туралы қатардағы мамандардан емес, үлкен басшылардан және сіздің жаныңызда отырған министрлерден есеп алуыңызды сұраймын", - деді депутат Владислав Косарев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети