"Bank RBK банкі" АҚ-на жаңа төраға болып директорлар кеңесінің мүшесі Игорь Мажинов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Bank RBK банкі" АҚ-на жаңа төраға болып директорлар кеңесінің мүшесі Игорь Мажинов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Бұл шешім - 4 қараша күні "Bank RBK" банкі" АҚ-ның жиналысында қабылданды. Белгілі болғандай, бұрынғы төраға Марпа Жакубаева қазіргі төрағаның бірінші орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Игорь Мажиновке банктің 2015-2017 жылдардағы дамуын жетілдіру жұмысы тапсырылып отыр.
Мажинов, 1972 жылы 24 ақпанда туған. Ол - Курган қаласындағы әскери-әуе училищесін және еліміздегі Тұрар Рысқұлов атындағы экономикалық университетін "Қаржы-несие" мамандығы бойынша бітірген.
Сондай-ақ "Vertex", "Альянс банк" АҚ, "Достық" қонақ үйінде басқарма бастығы қызметтерін атқарған.
"Қазіргі тағайындау "Bank RBK" АҚ-ның жұмысына, дамуына серпін әкеледі. Бірнеше айдан бері банк жоғары әлеуетті акционерлерді өзіне тартып келеді. Соңғы уақыттарда жасалған келісімдер де сәтті", - дейді директорлар кеңесінің кеңесшісі Жомарт Ертаев.
Сондай-ақ мәлім болғандай, аталмыш банк акционерлерінің де легін өзгерткен. Қазір банктің ірі акционерлерінің бірі 18 пайыздық жай акциялар құрамына ие "Инвест-Фонд" болып отыр.