19 ақпан 2014 | 14:19

Банкирлер алған пәтерлер кезекте тұрғандарға берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы "Әйгерім" ТК ©Нұрғиса Елеубеков Алматыдағы "Әйгерім" ТК ©Нұрғиса Елеубеков

"Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның бұрынғы қызметкерлері заңсыз иеленген пәтерлер кезекте тұрғандарға берілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық тұрғын үй инспекциясының басқармасына сілтеме жасап. "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның экс-қызметкерлері мен олардың туыстары заңсыз кірген пәтерлерін өз еркімен босатып берген. Банк қызметкерлерінің басқа басқа дәл осы тұрғын үй кешенінен пәтер алып қалуға тырысуына оның орналасқан жері әсер етсе керек. "Әйгерім" ТК Алматы қаласының жоғарғы бөлігі, яғни ауасы таза, жері қымбат, әрі табиғаты қолайлы әл-Фараби мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында салынған. "Тұрғын үй кезегінде тұрғандар арасында көп балалы ана, зейнет жасындағы қарттар, интернационалист-жауынгерлер, медицина қызметкерлері мен балалар үйлерінің түлектері бар", - делінген басқарма таратқан мәліметте. Естеріңізге саламыз, бұған дейін анықталғанындай аталған банктің сол кездегі қызметкерлері мен олардың туыстары "Қол жетімді баспана - 2020" бағдарламасы аясында салынған "Әйгерім" тұрғын үй кешенінен бір емес, тоғыз бірдей пәтерді заңсыз иеленіп алған. Атап айтқанда, ондай пәтерлерге банктің бұрынғы басқарма төрағасы, оның екі орынбасары, банктің Алматы қаласы мен облысы бойынша филиалының басшылары және олардың туыстары қол жеткізген болатын. Осы былықтың беті ашылғанда Елбасының өзі араласып, заңсыз алынған пәтерлерді кезекте тұрғандарға дереу қайтару керектігін айтып, нақты тапсырмалар берген болатын.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети