27 наурыз 2022 15:02

Банкнот фабрикасының директоры Батырбек Әлжанов қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Банкнот фабрикасының директоры Батырбек Әлжанов дүниеден өтті. Бұл туралы Ұлттық банк Telegram-арнасында естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Банкнот фабрикасының директоры Батырбек Әлжанов дүниеден өтті. Бұл туралы Ұлттық банк Telegram-арнасында естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы" РМК бас директоры Батырбек Асылбекұлы Әлжановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты Қазақстан Ұлттық банкінің ұжымы қайғыға ортақтасып, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Батырбек Асылбекұлы ақылы мен парасаты, қарапайымдылығы мен жауапкершілігі, басшылық ете білетін қарым-қабілеті үйлесім тапқан асқан еңбекқор, жігерлі жан еді", - делінген хабарламада.

Батырбек Әлжанов 30 жыл бойы Ұлттық банк жүйесінде жұмыс істеп, өзін шебер ұйымдастырушы әрі өз принципіне адал басшы ретінде көрсете білгені, сол қасиетімен де сенім үдесінен шығып, әріптестер арасында құрметке ие болғаны айтылды.

Ұлттық банк марқұмның ағайын-туысы мен жақын бауырларына, достарына сабыр тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети