Банктер “бандит-ұрлықшылар“ туралы бірінші рет естіп тұр: прокурорларға үндеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Банктер “бандит-ұрлықшылар“ туралы бірінші рет естіп тұр: прокурорларға үндеу Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Екінші деңгейдегі қазақстандық төрт банк Ақмола облысы прокуратурасының хабарламасына қатысты бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екінші деңгейдегі қазақстандық төрт банк Ақмола облысы прокуратурасының хабарламасына қатысты бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

2 қыркүйекте Ақмола облысы прокуратурасы арасында банк қызметкерлері бар ҰҚТ туралы ақпарат жариялады. Онда қылмыстық топ 5 жылдан астам уақыт бойы адамдарды ұрлап, олардың атына ірі көлемде кредиттер алғаны айтылған.

Прокуратура деректері бойынша, жәбірленуші 348 адам бар, шығын көлемі 3,7 миллиард теңге болады. Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік анықталған: Алматыдағы пәтерлер мен жер телімдері, қымбат автокөліктер, ірі көлемдегі қолма-қол ақша. Тәркілен мүліктің жалпы құны – 2,7 миллиард теңге. ҰҚТ-ның барлық мүшесі уақытша ұстау изоляторында.

Банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығының мәлімдемесі

Мәлімдемеде банктерге прокуратура органдарынан олардың бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлері осы тергеудің фигуранттары екендігі туралы ресми хабарламалар түспегені айтылған. Қазіргі уақытта банктер осы іске қатысты ақпарат беру туралы прокуратура органдарына ресми сұрау салуды жоспарлап отыр.

Ресми құжаттар алынып, жарияланған ақпарат расталған жағдайда, барлық банк құқық қорғау органдарына клиенттердің құқықтары мен мүдделерін бұзуға қатысты кез келген тергеуде барынша көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Қазақстанның қаржы қауымдастығы құқық қорғау және қадағалау органдарын "қаржы институттарының іскерлік беделіне қауіп төндіруі мүмкін сезімтал тақырыптар бойынша жария мәлімдемелерге салмақты қарауға" шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети