Банктер қиын несиелерді сызып тастай алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Банктер қиын несиелерді сызып тастай алады Ерболат Досаев. ©Primeminister.kz

2016 жылға дейін екінші деңгейлі банктер 25-30 миллиард доллардың несиелерін сызып тастай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

2016 жылға дейін екінші деңгейлі банктер 25-30 миллиард доллардың несиелерін сызып тастай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап. 

Оның хабарлауынша, отандық экономиканы барынша қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктердің жағдайын жақсарту қарастырылған. "Бүгінде "жұмыс істемейтін" портфельдің (қайтарылмайтын несиелер - Авт.) 50%-ы БТА банкіне тиесілі. Сондықтан оған қатысты арнайы шешім қабылданып, салық жағынан жеңілдік берілмек. Соның арқасында ол өз жағдайын барынша жақсарта алады. Бұдан бөлек, басқа да банктердің салық бойынша жасаған барлық ұсыныстары қабылданды", - деді бүгін Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

"Біздіңше, бүгінде екінші деңгейлі банктердің тиімсіз несиелерін жою үшін барлық жағдайлар жасалды. Бұл жұмыс келесі жылы да жалғасатын болады. Ал 2016 жылда әрбір банктің "жұмыс істемейтін" займдары 10%-дан аспауы тиіс", - дейді Досаев. Оның болжамына сәйкес, қазіргі шаралардың арқасында 25-30 миллиард доллардың несиелерін сызып тастауға болады. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети