Банктер жайлы жалған хабар таратқандар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Банктер жайлы жалған хабар таратқандар анықталды ҚР Бас прокуратурасы. ©Марат Әбілов

ҚР Бас прокуратурасы банктер жөнінде жалған хабарламалар таратуға қатысы бар бірқатар тұлғаны анықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр. "Құқық қорғау органдары тиісті арыздардың негізінде қазіргі уақытта банктердің қаржылық жағдайы туралы жалған ақпарат таратқандарды анықтау жөнінде жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Бірқатар тұлға анықталды, оларға қатысты қажетті тексеру шаралары жүргізілуде, талап арыз енгізілді, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр", - деді брифинг кезінде Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков. Сүйіндіковтің айтуынша, жалған хабар таратуға кінәлі тұлғалардың бәрі қылмыстық қудалауды қосқанда, заңда бекітілген материалдық және басқа да жауапкершіліктерге тартылады. Бас прокуратура өкілі жалған хабарлардан банктерге айтарлықтай зиян келгенін айтып отыр. "Бұл хабарлар аталған банктер салымшылары арасында дүрлігу туғызып, банк есепшоттарынан қаржыны жаппай алуға жол берді. Мұндай әрекеттердің нәтижесінде жүйеқұраушы банктерге елеулі нұқсан келіп, қоғамда әлеуметтік ширығу туғызды, сондай-ақ, халықтың қаржы институттарына деген сенімін жоғалтты", - дейді Сүйіндіков. Ресми өкіл сөз болып отырған хабарламалардың көпе-көрінеу жалған екенін және оның тек қана банк саласында тұрақсыздық туғызу мақсатымен таратылғанын баса айтты. Еске сала кетейік, теңге бағамына қатысты түзету енгізілгеннен кейін WhatsApp желісінде үш банктің банкрот болатыны туралы хабар тараған еді. Белгісіз ақпарат көзінен шыққан күмәнді хабарламалар басқа әлеуметтік желілерде де пайда болды. Мұндай хабарды алған адамдар банктерге ағылып, депозиттеріндегі салымдарын жаппай қайтарып алуға тырысты. Бұл ахуалға Ұлттық банк бірден үн қатып, ақпараттардың жалған екенін, адамдардың арандатуға берілмеуі керектігін ескертті. Қазіргі уақытта жалған хабарлардан келген зиян есептеліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети