Бақыт Сыздықова сотта жауап береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақыт Сыздықова сотта жауап береді ©Tengrinews.kz

Бақыт Сыздықова "Нұр Отан" партиясы алдындағы миллиондаған бережағы үшін сотта жауап береді деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек СТВ телеарнасына берген сұхбатында Бақыт Сыздықова төңірегіндегі даулы оқиғаның мән-жайын айтып берді. "Бақыт Ахметқызы бұқаралық ақпарат құралдарына қарыз ақшаны қайтаруға уәде бергенімен, әзірше оның тарапынан ешқандай әрекет болмады. Қаржылық есептесу жылының соңы да келіп жетті, сол себепті біз істі сотқа жібердік. Сот объективті, әділ шешім шығаруы керек", - деп мәлімдеді Бауыржан Байбек. "Егер адам өз міндеттемелері бойынша жауап бермейтін болса, мен мұндай адамды партияға қайтадан алуға болады деп ойламаймын", - дейді ол. Бақыт Сыздықова болса, партияның талап арызы туралы естімегенін айтып отыр. Ол сөз болып отырған қарыздың жеке басына қатысы жоқ екенін тағы бір мәлімдеді. "Бұл - "Астана KZ" Қазақстан КВН ұлттық құрама командасының қарызы. Команда осы ақшаға КВН ойнады, осы ақшаға Қазақстанды насихаттап, ел жастарын халықаралық деңгейде танытты. Партия функционерлерінің мұны неге "Сыздықованың қарызы" деп атайтыны маған түсініксіз. Дегенмен Қазақстан Республикасы сияқты құқықтық мемлекетте шаруашылық субъектілері арасындағы даудың сотпен шешілетіні - қалыпты тәжірибе", - деді Бақыт Ахметқызы Tengrinews.kz тілшісіне телефонмен сөйлесуі кезінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети