Бақытжан Малыбаев Астана ІІД басшысының орынбасары болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Малыбаев Астана ІІД басшысының орынбасары болып тағайындалды Бақытжан Малыбаев. Сурет Астана ІІД баспасөз қызметінен

Астана қалалық жергілік полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев елордалық ішкі істер департаментінің басшысы Марат Қожаевтың орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ведомство сайтында хабарланды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қалалық жергілік полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев елордалық ішкі істер департаментінің басшысы Марат Қожаевтың орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ведомство сайтында хабарланды. 

Сайт мәліметінше, Малыбаев жаңа қызметте 2018 жылы 5 қыркүйектен бастап жұмыс істеп жатыр. 

Малыбаев Бақытжан Әсембекұлы 1969 жылы 23 шілдеде Жамбыл облысы Қордай ауданы Қызылтас ауылында дүниеге келген. 1999 жылы ҚР ІІМ Алматы заң институтын тәмамдаған. 1987-1989 жылдары Қарулы күштерде борышын өтеген. 1990-2008 жылдары аралығында Алматы құқық қорғау органдарында жұмыс істеген. 2007 жылы Алматы ІІД жол полициясы басқармасының басшысы қызметіне тағайныдалған. 

2008 жылы Малыбаев Астана ІІД ведомствосының жол полициясы басқармасы басшысының орынбасары қызметіне ауысқан, ал 2013 жылы Астана ІІД жол полициясы басқармасын басқарған. Кейінірек, сол жылы елордалық ІІД әкімшілік полиция басқармасын басқарған. 

2016 жылдан бері ол Астана қалалық жергілікті полиция қызметін басқарған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course down  609.28  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети