Бақытжан Сағынтаев Алматының шеткі аумағында тұратын жұртшылықпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Сағынтаев Алматының шеткі аумағында тұратын жұртшылықпен кездесті Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданы Ақжар ықшамауданының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы қала басшысы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданы Ақжар ықшамауданының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы қала басшысы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгін менің аккаунттарыма қала тұрғындары қалдырған проблемалық орындарға шықтым. Наурызбай ауданы, Ақжар ықшамауданы. Молдағұлова көшесі (Мақаншы - Жабай), Жауқазын. Көтерілген мәселе орынды. Ауыз су, жарық, жол, тұрақты қоғамдық көлік қатынасы - халықтың өмір сапасын жақсартуға негізделген. Барлық мәселе бір-бірімен байланысты. Мәселені рет-ретімен шешу міндеті тұр. Біріншіден, ауыз су мәселесі, яғни орталық сумен қамтамасыз ету жүйесіне қосу. Екіншіден, көшеге жарық қою керек. Үшінші мәселе, желілерді төсеу бойынша жер қазу және құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған соң жол мәселесі ретке келтіріледі. Барлық мәселе кезең-кезеңімен шешіледі. Басымдық ауыз суға беріледі!", - деп жазды әкім. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети